Орта салмақ дәрежесінде WBA (Super), IBF пен WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин америкалық Флойд Мэйвезерді нокаутпен ұта алатынын айтты. 

«Мэйвезердің пинг-понг стилінен қарағанда Оскар де ла Хойяның стилі көбірек ұнайды. Өзімнің күшім мен стилімді білемін, Мэйвезердің Майданаға қарсы жекпе-жегін көрдім. Маркостың бір соққысынан кейін Флойдтың «билегені» әлі есімде. Мэйвезерді нокаутпен ұтатын ең жоғары мүмкіндік менде деп ойлаймын. Мэйвезер менімен жекпе-жек жеңіл жұмыс деп айтқан болатын. Өтініш, сол жеңіл жұмысыңды көрсетші маған», - деді Головкин.