Геннадий Головкинмен спарринг өткізген америкалық Дарнелл Бунның айтуынша, қазақстандық боксшы Андре Уорд пен Сергей Ковалевтен де мықтырақ. 

«Головкин Уорд пен Ковалевті ұтады. Андре Уордтың техникасы жақсы болғанына қарамастан, ол Головкиннің күшіне төтеп бере алмайды. Геннадийдің кездесулерге дайындығы өте керемет».

Сондай-ақ, Бун Уорд-Ковалев жекпе-жегі жайлы айтты: «Маған Уордтың стилі ұнайды. Бірақ оның соңғы жекпе-жегіндегі өнері ұнамады. Ковалевпен шығар алдында Андреге тағы екі-үш кездесу өткізген жөн. Егерде бұл жекпе-жек биыл өтсе, онда Уорд үшін жағдай қиын. Ковалевтің бір ауыр соққысы кездесудің тағдырын шешу мүмкін», - деді Бун boxingscene.com сайтына.