24 сәуір күні Астана уақыты бойынша таңғы 7:00-де басталатын кездесуге Афина Олимпиадасының қола жүлдегері Серік Елеуов комментаторлық қызмет атқарады деп күтілуде. 

«Егер барлығы мен ойлағандай болса жекпе-жек барысында тікелей эфирде сарапшы ретінде пікір айтып отырамын. Өзімнің жақын досымның кәсіпқой бокстағы кездесуі барысында пікір айтып отыру мен үшін үлкен абырой», дейді Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. 

«Генамен жақын күндері ғана сөйлестім. Оның жаттығуы жоспар бойынша жүзеге асып жатыр. Екеуара әңгіме тек жеке мәселелер бойынша өрбіді. Жекпе-жек барысындағы оның болжамы қандай екенін білмеймін. Бірақ қандай жағдайда болмасын, мен Генаға сенемін», деді ол кездесуге қатысты өз ойын бөлісіп. 

Серік Елеуовтің болжамы бойынша, кездесу мерзімінен бұрын аяқталып, жеңіс Генаның еншісіне жазылады. 

«Осыған дейін жеңілістің не екенін білмеген Доминико бұл жолы бесінші раундтан әріге шыдамайды деп ойлаймын. Тіпті, кездесудің тағдыры одан ертерек шешілуі мүмкін. Бұл пікірді досым үшін айтып отырғаным жоқ. Олардың деңгейіне қарап отырып осылай болжам жасауға болады. Әлемде Головкинмен кездесудің соңына дейін шыдай алатын боксшылар өте аз. Ал Уэйдті ол мықтылардың қатарына кірмейді» дейді ол. 

Естеріңізде болса, 24 сәуір күні Лос-Анджелестегі «Форум» аренасында өтетін кездесуде орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы WBA (Super), IBO, WBC (Interim) и IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық атағын қорғайды.