«Астана Арланс» пен «Касикос Венесуэла» бокс командалары Шымкентте кездеседі. Дүниежүзілік бокс сериясының екі дүркін чемпионы «Astana Arlans» командасы өз қарсыластары «Касикос Венесуэла» командасымен бірге брифинг өткізді.

BNews.kz ақпараттық порталының хабарлауынша,  қос команда 22-23 сәуір күндері Шымкент қаласында қолғап түйістіреді. 22 сәуір күні 49, 56, 64, 75 , 91 келідегі боксшылар алаңға шығады. Ал 23 сәуірде 52, 60, 69, 81, +91 келідегі спортшылар өзара сынға түседі. Журналистердің сұрақтарына жауап берген команда жетекшілері додаға сақадай сай екендерін жеткізді.

Айта кетейік, венесуэлалықтар осы маусымда «Раша боксинг тим», «Рафако Гусар Поланд», «Аргентина Кондорс» клубтарымен кездесті. Маусым қорытындысында венесуэлалықтар тек ресейліктерді алға жіберіп, екінші орынды иеленді. Кездесу сағат 21:30-да жеңіл атлетика манежінде өтеді