Орта салмақ бойынша WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдарының әлем чемпионы Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) америкалық Доминик Уэйдпен (18-0, 12 КО) жекпе-жегінің алдында допинг тестілеуінен өтті.

Бұл туралы ашық жаттығу кезінде қазақстандық боксшының бапкері Абель Санчес мәлім етті.

«Головкинді бірнеше күн бұрын тексерген. Оған күш көптеген жаттығудан келеді», - деді Санчес.

Айта кетейік, Лос-Анджелесте Головкин мен Уэйдтің ашық жаттығуы өткен болатын.

Естеріңізге сала кетсек, боксшылар рингке Астана уақыты бойынша 24 сәуірде шығады. Тікелей эфирде жекпе-жекті «Қазақстан» телеарнасы көрсетеді. Бокс кешінің трансляциясы Астана уақыты бойынша кешкі 07.20-да басталады