Кәсіпқой бокстан IBF/IBO/WBA тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин америкалық Доминик Уэйдтің осал боксшы емес екенін айтты. 

«Доминик туралы көп білмеймін. Бірақ мен үшін бұл маңызды жекпе-жек. Әр кездесу маған маңызды. Уэйд - міндетті қарсылас. Кәсіпқой рингте әлі бірде-бір рет ұтылмаған. Болашағынан үлкен үміт күттіретін боксшы. Бұл жекпе-жек жеңіл болмайтыны анық. Бар ойым қазір Доминик Уэйдте», — деді Головкин BoхingScene сайтына.