Қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық Доминик Уэйд арасындағы жекпе-жектің бас төрешісі анықталды, деп хабарлайды fightnews.com.

Аталмыш кездесудің бас төрешісі болып америкалық Джек Рейсс тағайындалды. Қапталдағы төрешілер - Аделаида Берд, Стив Морроу мен Пэт Расселл (барлығы АҚШ). 

Естеріңізге сала кетсек, Головкин — Уэйд жекпе-жегі сәуірдің 23-і, Инглвуд қаласында өтеді.