Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин шаршы алаңда кіммен кездескісі келетінін мәлім етті.

«Кез келген боксшымен кездесуге дайынмын. Мен чемпионмын және үлкен шоуға әзірмін. Мен «Канелодан» гөрі Мэйуезермен кездескенді қалаймын. Флойд пен Пакьяоның қайта кездесуі қоғам үшін қызықсыз. Олардың бірінші жекпе-жегі тартымсыз болғаны да адамдар үшін жеткілікті», - деді GGG.

Естеріңізге сала кетсек, 23 сәуірде Головкин америкалық Доминик Уэйдпен «Жеңілмегендер» (Undefeated) бокс шоуы аясында Лос-Анджелестегі «Форум» аренасында жұдырықтасады.