Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен америкалық  Доминик Уэйд арасындағы кездесуді Астана қаласындағы «Қазмедиа Орталығы» ғимаратында көрсетеді.
 
Тікелей эфир «Қазмедиа Орталығы» ғимаратында орналасқан лэд-экран мен ғимараттың сыртындағы экрандардан да көрсетілетін болады.
 
Айта кетейік, «Қазақстан» телеарнасы 24 сәуір күні сағат 07-20-да Головкин - Уэйд жекпе-жегін көрсетеді.