Атақты қазақстандық боксшы Серік Сәпиев жерлесі Геннадий Головкин мен америкалық Доминик Уэйд арасындағы кездесуге болжам жасады. 

«Уэйд туралы бірдеңе айту қиын, ол туралы аса ақпарат та жоқ. Бокс жұлдызы емес. Оны мықты немесе әлсіз қарсылас деп те айта алмаймын. Кәсіпқой бокста 18 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Бірақ, бәрібір де Головкиннің деңгейіне жетпейді. Жалпы, Геннадий оны еш қиындықсыз ұтады. Кездесу 5 -ші немесе 6-шы раундта аяқталуы мүмкін», - деді Сәпиев vesti.kz сайтына.