Головкин-Уэйд жекпе-жегіне бол жасаған 1 329 адамның көбі қазақстандық Геннадий Головкин америкалық боксшы Уэйдті 7-раундта сұлатып салады деген пікірде. Тек 2 адам Уэйд жеңіске жетеді деп топшылаған.

«Қазақстандықтардың көбі Головкин Уэйдті 7-раундта (257 адам), 5-раундта (218) және 6-раундта (193) жеңеді деп болжаған. 8-раундқа 182 адам, 4-раундқа 125 адам дауыс берген екен. Сондай-ақ, 9-раунд (109) пен 3-раундта (103) жеңеді дейтіндер де бар. Ең төменгі көрсеткіш 11 (22) және 12-раундтарда (14). Тек 2 адам америкалық боксшы Уэйд жеңіске жететініне сенімді», - деп хабарлайды «Қазақстан» РТРК баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 15 сәуірде корпорация Головкин-Уэйд жекпе-жегін дәл болжаған адамға смартфон сыйға беретінін жариялаған еді. Сол уақыттан бері тартысты додаға 1300-ден астам азамат болжам жасап үлгеріпті.

23 сәуір күні (Астана уақытымен 24 сәуір) WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) америкалық боксшы Доминик Уэйдке (18-0, 12 КО) қарсы жекпе-жек өткізеді.

«Қазақстан» ұлттық арнасы мен kaztrk.kz сайты кездесуді 24 сәуір күні 07:20-дан бастап тікелей эфирде көрсетеді.

«Осыған орай, көрермендер арасында байқау жарияланған болатын. Оның шарты бойынша қатысушылар жекпе-жектің нәтижесін, яғни кімнің, қалай және қашан жеңіске жететінін дұрыс әрі нақты болжауы керек еді. Көрермендер мен жанкүйерлер белсенді қатысып, өз жауаптарын жіберіп жатыр», - деп толықтырды баспасөз қызметі.

Айта кетейік, байқау Головкин-Уэйд жекпе-жегі басталғанға дейін жалғасады. Мына сілтеме арқылы өтіп, болжам жасауға болады. Жеңімпаз сол күні анықталады.

Вnews.kz ақпараттық порталынан