Алматылық «Қайраттың» қорғаушысы Тимур Рудосельский «Ордабасымен» өткен ойын жайлы және алдағы «Ақтөбеге» қарсы кездесу туралы айтып берді.

- Мен үшін негізгі құрамда шығу маңызды. Бас бапкер маған үміт артады. «Ордабасыға» қарсы ойын жайлы айтатын болсақ, гол соғатын мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық, - деп бастады Тимур «Қайраттың» ресми сайтына берген сұхбатында.  - Бас бапкердің ауысуы командаға әсерін тигізді ме?- Бізде жаңа бас бапкер. Оның футболға көзқарасы өзгеше. Бәлкім, бізге сәттілік жетіспеуде.- Келесі турда «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдайды. Бұл ойында алматылық команда өз алаңындағы бірінші жеңісіне қол жеткізе алады ма?- Бар күшімізді салып, өз алаңымызда жеңуіміз қажет. Гол соғу өте маңызды, тек сол кезде ғана жеңіске жетеміз.