Бірінші орта салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Остин Трауттің ойынша, Сауль Альварес Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға дайын емес.

«Ол келесі жекпе-жегінде Головкинмен жұдырықтасқысы келмейді. Орта салмақ боксшыларынан ол Дэвид Лемье немесе Питер Куиллинді таңдайды деп ойлаймын. Мен онымен 155 фунтқа дейінгі салмақта кездесуге келісемін.

Менің досым Амирдің аяғы да, қолы да жылдам. Ол әуесқойлар құсап ұрып, қозғалып жұдырықтасса, бәрі қолынан келеді деп ойлаймын. Бірақ төрешілер оған жеңісті бере ме – бұл басқа сұрақ», - деді Траут.