Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшының биыл кемінде үш жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты.

"Бұл оның жай ғана қалауы емес, ол маған және Абель Санческе осы жөнінде тікелей нұсқау берді, - деді Леффлер. - Головкин өз ісін жақсы көреді, сонымен қатар, ол біздің спорттағы ең белсенді чемпион".

"Ол туралы жаңалықтарда үнемі айтылып жатады. Адамдар оның соңғы нокауты немесе жақын арада не істейтіні жөнінде айтып жүреді. Бұл соңғы үш жылда оның бокстың шыңына көтерілуіне себеп болды", - деді промоутер.

Еске салайық, Головкин келесі жекпе-жегін 23 сәуірде Лос-Анджелесте өткізеді. Оның бұл жолғы қарсыласы америкалық Доминик Уэйд (18-0, 12 КО) болмақ. Жекпе-жекке 15 мыңнан аса билет сатылып кетті.