Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлердің айтуынша, қазақстандық боксшыға орта салмақ дәрежесінде қарсылас табылмаса, онда ол екінші орта салмақ дәрежесінде WBO чемпионы мексикалық Хильберто Рамиреспен жұдырықтасады.

«Бәрі Канело мен Сондерске байланысты. Егерде екеуі де Головкинмен кездесуден бас тартса, онда біз жыл соңында Рамиреспен жекпе-жек өткіземіз. Геннадий Рамиреспен кездесу үшін 168 фунтқа көтерілуге дайын», - деді қазақстандық боксшының промоутері boxingscene.com сайтына.