Төрт салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы Мигель Котто рингке жоспарланған уақытта шықпайтын болды.

Пуэрто-риколық боксшы 18 маусымда жоспарланған жекпе-жекке лайықты қарсылас таппады, сондықтан кездесуін күзге ауыстырды.

«Мигель рингке күзге дейін оралмайды. Бірақ оның командасы менің Пуэрто-Рикоға келіп, онымен бірнеше апта жұмыс жасағанымды қалап жатыр. Қазір нақты уақытын белгілеп жатырмыз. Олар күздегі жекпе-жектің нақты қай күні өтетінін білмейді, бірақ ол келесі айда Пуэрто-Рикода жаттығу лагерін өткізеді», - деді боксшының бапкері Фредди Роуч.