23-ші сәуір күні, Лос-Анджелестің Форум аренасында, 34-жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин америкалық былғары қолғап шебері Доминик Уэйдпен жұдырықтасады. 

«Менің жеңісіме ешкім сенбейді. Аутсайдер болған ұнайды, бұл жайт маған қосымша күш береді. Барлықтары Головкиннің Канелоға қарсы кездесуін көргісі келеді. Бірақ алдағы жекпе-жекте не болатынын ешкім білмейді. Мен Головкин-Канело жекпе-жегіне кедергі боламын», - деді Доминик Уэйд.