Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Серік Сәпиевтің бапкері - Александр Стрельников Қытайда өткен лицензиялық жарысты қорытындылап, жігіттердің әлеуетіне өз бағасын берді.

- Әрине, қуаныштымын. Командамыз өз тарихында тұңғыш рет толық құраммен аттанып барады. Жолдама болатынын алдын ала білдік, негізі. Қазіргі басты мақсат – медаль ұты.

- Қай спортшы көзге түсіп, сіздің назарыңызға ілікті?

 - Ешкімді бөліп жармаймын. Барлығына сенім артам. Жігіттердің кез келгені медальға таласа алады. Әр қайсысы! Бұл бірнеше жайтқа байланысты болады, біріншісі - спортшының жеке қал-жағдайы, екіншісі - жеребе нәтижесі.

- Рио алдында не нәрсеге баса назар аудары қажет?

 - Психологиялық дайындық мықты болу керек. Спортшылардың барлығы жеңіске құштар болса, нәтиже көп күттірмейді. Соңғысы, физикалық дайындық мінсіз болуы шарт.