Орта салмақ дәрежесінде WBA, IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес америкалық боксшы Доминик Уэйд қарамағындағы спортшы үшін өзінің жастығымен және жеңіске ұмтылысымен қауіпті екенін айтты.

«Доминик жас, жеңіске деген құлшынысы және әлі күнге дейін жеңілмегендігімен қауіпті. Олардың бізге икемделуіне тура келеді, біз оларға икемделмейміз. Геннадий бұл жекпе-жек IBF титулын міндетті қорғау екенін түсініп отыр, егер одан бас тартсақ, айырылып қалатын едік», - деді Санчес.