Әуесқой бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Иван Дычко Риодағы Олимпиада ойындарынан не күтетінін және лизенциялық турнирдегі жеңісі жайлы айтып берді. 

- Риода жақсы нәтиже көрсетуіміз тиіс. Еліміз үшін Олимпиада ойындарының қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Олимпиадаға жақсы дайындықпен барамыз.

- Қытайдағы лизенциялық турнирдің деңгейі жайлы не айта аласыз?

- Азияда бокс жыл сайын дамып келеді. Соған қарамастан, біздің боксшылар өздерінің мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді. 

- Аталмыш жарыстағы ең тартысты кездесуіңіз жайлы айтып берсеңіз? 

- Жартылай финалдық кездесу тартысты өрбіді. Ыңғайсыз қарсылас болды. Финалдық жекпе-жек те қызық өтті. Әр кездесуді зерттедім. Менің ойымша, бұл жарысты жақсы өткіздім. 

- Олимпиадаға дейін уақытта Дүниежүзілік бокс сериясында «Астана Арланс» командасында өнер көрсетесіз бе? 

- Егерде бапкерлер келіссе, онда командаға көмектесуге дайынмын. Олимпиада ойындарына дейін аянбай  тер төгіп, көп еңбек етемін. Бар уақытымды ұтымды пайдалануға тырысамын. 

 

Қазақстан бокс Федерациясының ресми сайтынан*