Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам келесі жекпе-жегін колумбиялық Хуан де Анхельге қарсы өткізеді.
Аталмыш кездесу 8 мамырда АҚШ-тың Майами қаласында болады деп жоспарлануда.
28 жастағы Хуан де Анxель бұған дейін 22 кездесу өткізіп, оның 18-інде жеңген, үшеуінде қарсыласына жол беріп, 1 жекпе-жегін тең аяқтаған, 17 қарсыласын нокаутқа жіберген.
Ал Қанат Ислам кәсіпқой мансабында 20 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен болатын, 17 қарсыласын нокаутпен ұтқан.
Комментарии