24-жастағы мексикалық боксшы Хильберто Рамирес германиялық Артур Абрахамды ұтып, екінші орта салмақ дәрежесінде WBO чемпионы атанды, деп хабарлайды allboxing.ru.

Аталмыш кездесуден кейін Top Rank промоутерлік компаниясының президенті Боб Арум Рамирестің орта салмақ дәрежесіндегі көшбасшы боксшы Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға дайын екенін айтты.  

«Головкин батыл жігіт болса Рамиреспен кездессің. Хильберто оны да ұтады», — деді Арум.