34-жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес шәкіртінің америкалық Доминик Уэйдке қарсы кездесуге дайындығы жайлы айтып берді. 

— Геннадийдің дайындығы керемет өтуде. Бір апта спарринг өткіземіз. Головкин бұған дейін спарринг барысында 70 раунд өткізген, бұл апта соңына дейін тағы 12-14 раунд өткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Осыдан үш жыл бұрын Геннадийдің басты мақсаты орта салмақтағы барлық титулдарды біріктіру болған. Енді WBC титулын жеңу қалды. Содан соң WBO белбеуіне назар аударымыз. Орта салмақтағы барлық титулдарды біріктірген соң, жоғары көтерілеміз деген ойдамын, - деді Санчес. 

Естеріңізге сала кетсек, сәуірдің 23-і Геннадий Головкин америкалық Доминик Уэйдпен жұдырықтасады.