Кәсіпқой бокстан орта салмақ дәрежесінде WBA/IBF/IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Boxrec.com сайтының pound-for-pound рейтингісінде бесінші орында тұрақтады, деп хабарлайды ProsportKz.kz.

Екі күн бұрын Брэдлиді жеңген филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо Головкинді артта қалдырып, үздік боксшылар тізімінде екінші орында жайғасты. Үшінші сатыда британиялық боксшы Тайсон Фьюри. Ал көш басында мексикалық былғары қолғап шебері - Сауль «Канело» Альварес.