Бүгін отандық БАҚ өкілдері танымал футболшы Криштиану Роналду қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің туған күніне сыйлық ретінде өзінің қолтаңбасы қойылған «Реал» клубының жейдесін сыйға тартты деп жарыса жазған еді.

Тіпті, Роналдудың қолы қойылған сыйлықтың суреті жарық көрген. Алайда, суретке үңіліп қарасаңыз Геннадий Головкиннің атының қате жазылғанын және ол жерде Роналду емес, басқа адамның қолтаңбасы қойылғанан байқайсыз. Сонымен қатар, бұл ақпаратты қазақстандық боксшының ешқандай әлеуметтік желідегі аккаунттары растаған жоқ.