Атақты америкалық боксшы Рой Джонс мексикалық Сауль Альвареске қаржылық тұрғыда Геннадий Головкиннен гөрі Мэнни Пакьяомен жұдырықтасқан тиімдірек екенін айтты, деп хабарлайды allboxing.ru.
 
«Канело Головкиннен гөрі Пакьяомен жекпе-жек ұйымдастырып көреді. Пакьяоның Головкиннен қарағанда жанкүйерлері көп. Әрине, Головкин өз елінде және АҚШ-та танымал, бірақ Пакьяо - барша әлемге танымал жұлдыз. Альварес Головкинмен кездесіп ұтылғанша, өзінен кіші салмақта жұдырықтасатын Пакьяомен кездесу ұйымдастырып көрмек. Мэнни Пакьяо Канелоны ұтуы әбден мүмкін», - деді Рой Джонс.