Португалия құрамасы мен мадридтік «Реал» клубының ойыншысы, танымал футболшы Криштиану Роналду қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинді туған күнімен құттықтады.

8 сәуір күні 34 жасқа толған Головкинге футбол жұлдызы Роналду өзінің қолтаңбасы қойылған «Реал Мадрид» командасының жейдесін сыйға тартқан.