WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин америкалық Доминик Уэйдпен өтетін жекпе-жегінен не күтетінін айтты.

«Уэйд - өте «аш» және орта салмақтағы тәжірибелі боксшы. Бұл кездесу мен үшін кезекті сынақ болады», - деді  қазақстандық боксшы BoxNation басылымына берген сұхбатында.

Ал оның қарсыласы Уэйд Головкинмен жұдырықтасуға дайын екенін айтты: «Мен осы белеске шығу үшін мансабымды бастағаннан бері дайындалып келемін. Кездесуге дайынмын!».

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Доминик Уэйд арасында өтетін жекпе-жектің билеттері түгелдей сатылып кетті. Кездесу 23 ақпанда Лос-Анджелестегі (АҚШ) «Форус» аренасында өтеді.