Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин америкалық Доминик Уэйдке қарсы жекпе-жекке қызу дайындалып жатыр.

«Буум! Екі аптадан кейін жанкүйерлеріме тағы бір нокаут сыйлайтын мүмкіндікті асыға күтіп жүрмін», - деп жазды Головкин өзінің Твиттердегі жеке парақшасында.

Ол осы жазбасының соңына австралиялық боксшы Гилді нокаутқа түсірген видеосын да салған.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин мен Уэйд арасындағы кездесу 23 сәуірде Лос-Анджелесте өтеді.