Astana Arlans Дүниежүзілік бокс сериясы (WSB) жобасында 11-ші аптаның үздік командасы атанды.

Бұл туралы Арландардың әлеуметтік желідегі ресми тобы мәлім етті. Сонымен қатар, команда спортшысы Асланбек Шымбергенов WSB жобасында 11-аптаның үздік боксшысы атағына ие болды.