Қазақстандық Геннадий Головкин туған күнімен құттықтаған бүкіл жанкүйеріне алғысын білдірді.

«Барлығыңызға да құттықтауларыңыз үшін рахмет! 23 сәуірде Big Drama Show сыйлауға уәде беремін», - деп жазды боксшы твиттердегі жеке парақшасында.

Айта кетейік, 8 сәуірде Геннадий Головкин 34 жасқа толған болатын. 

Естеріңізге салсақ, отандасымыздың келесі жекпе-жегі 23 сәуірде Лос-Анджелестегі «Forum» аренада өтеді. Қазақстан уақытымен 24 сәуір таңға сәйкес келеді.