Белгілі америкалық боксшы Эдриен Бронердің бокс кешінде жұдырықтасқан қазақстандық Шынғысхан Тәжібай америкалық Риарус Дадлиден басым түсті.

4 раундқа созылған жекпе-жекте жерлесіміз ұпай шешімімен жеңіске жетті. Бұл Шынғысханның кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісі болды. 

Аталмыш бокс кешінің басты кездесуінде Эдриен Бронер Эшли Теофанды тоғызыншы раундта нокаутпен жеңді.