Қазақстандық аса ауыр салмақтағы боксшы Иван Дычко Қытайдың Цзяньань қаласындағы Рио Олимпиадасының жолдамалары сараланып жатқан турнирде алтыннан алқа тағынды.
 
91 келіде жұдырықтасатын Иван Дычко ақтық сында өзбекстандық боксшы Баходир Джалоловты төрешілердің бір жақты шешімімен 3:0 (29:28, 30:27:30:27) есебімен ұтты.
 
Айта кетейік, бұған дейін бұл турнирдің алтын жүлдесін Абылайхан Жүсіпов (64 келі) пен Жәнібек Әлімханұлы (75 келі) иеленген еді.