Сегіз салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы Мэнни Пакьяо 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына қатысуға тырысатынын айтты.

«Олимпиадаға барып, Филиппин елінің намысын қорғағым келеді. Жазғы ойындарда бітпей қалған шаруаларым бар», - деді боксшы.

Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум бұл ойды ақымақтыққа балады: «Кәсіпқой былғары қолғап шеберін бір рингте 18 жасар боксшымен шығарып қою үшін кім болу керектігін білмеймін – бұл өте қауіпті! Олимпиада ойындарына кәсіпқойлардың қатысуға рұқсат берген адамдар өзінің бастарын тексертсін»,.