Қытайда өтіп жатқан лицензиялық турнирде қазақстандық боксшы Дариға Шәкімова финалда жеңіліп қалды.

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған отандасымыз шаршы алаңда жергілікті боксшы Кван Лимен кездескен. Ақтық сындағы кездесу 3:0 (40:36, 40:36, 40:36) есебімен қытайлық боксшының пайдасына шешілді.

Бұған дейін аталмыш турнирде Жасұлан Әлімханұлы (75 кг) – бірінші, Әділбек Ниязымбетов (81 кг) – екінші, ал Олжас Сәттібаев (52 кг) пен Қайрат Ерәлиев (56 кг) тиісінше үшінші орын иеленген еді.