Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ астанасында кәсіби боксшы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Геннадий Головкинмен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
 
Геннадий Головкин боксты және жалпы спортты дамытуға зор үлес қосып, көңіл бөліп отырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.