Қытайда бокстан Азия және Мұхит аймағы елдері бойынша Риодағы Олимпиада ойындарына жолдама берілетін турнирдің ақтық бәсекелері өтіп жатыр.
 
52 келі салмақ дәрәжесінде боксшымыз Олжас Сәттібаев қырғыз спортшысы Азат Үсенәлиевпен жекпе-жек өткізді. Олжас қарсыласынан басым түсіп - 3:0 есебімен ұтты.
 
Бұған дейін лицензияларды Қайрат Ералиев (56 келі), Абылайхан Жүсіпов (64 келі), Жәнібек Әлімханұлы (75 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі), Иван Дычко (+91 келі) және Дариға Шәкімова (75 келі) жеңіп алған.
 
Еске сала кетсек, кеше Олжас Сәттібаев қытайлық спортшы Жиангван Хумен жекпе-жекте ұтылып қалған болатын.
ҚазАқпарат