Қытайдағы лизенциялық турнирдің финалында Жәнібек Әлімханұлы қытайлық боксшы Чжао Минганы техникалық нокаутпен ұтты. 

Жартылай финалда монғолиялық боксшыны техникалық нокаутпен ұтқан Жәнібек финалда да қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді. Бірінші раунд аяқталған соң Чжао Минган жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Осылайша, Жәнібек Қытайдағы лизенциялық турнирдің жеңімпазы атанып, Рио-да өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алды.