Көкшетаулық «Оқжетпес» сербиялық қақпашы Саша Стаменковичпен келісімшартқа отырды. 

31-жастағы қақпашы бұған дейін «Црвена Звезда» мен әзірбайжандық «Нефтчи» сабында өнер көрсетті. Екі дүркін Әзірбайжан чемпионы, Әзірбайжан кубогы мен Сербия кубогының иегері. 2008-ші жылы Стаменкович Сербия сабында Олимпиада ойындарына қатысты. Сашаның соңғы командасы грекиялық «Керкира» клубы болатын.