Геннадий Головкин EXPO-2017-нің елшісі болады.

Бокстан орта салмақтағы WBA, IBF және IBO тұжрымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинге құрметті атақты Вашингтонда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты түрде табыстады. Ақпараттар бойынша, боксшы рәсімге қатысу үшін жаттығудан арнайы үзіліс алған.

Еске салайын, Қарағанды қаласының тумасы келесі жекпе-жегін 23 сәуірде Лос-Анджелесте Доминик Уэйдке қарсы өткізеді.