«Astana Arlans» пен «Uzbek Tigers» командалары Бүкіләлемдік бокс сериясы чемпионаты (WSB)  аясында Өскеменде 2 сәуірде болатын матчқа қатысатын өз құрамдарын жариялады.
 
52 кг: Азат Махметов VS Аброрджон Кадыров
 
60 кг: Закир Сафиуллин VS Эльнур Абдураимов
 
69 кг: Асланбек Шымбергенов VS Махмуд Гаипов
 
81 кг: Арман Рысбек VS Шухрат Абдуллаев
 
91+ кг: Камшыбек Күнқабаев VS Мирзохиджон Абдуллаев
 
Еске сала кетсек, бұдан бұрын «арландар» бапкері Нұрлан Ақүрпеков Ташкенттегі кездесудің қарымтасын қайтаруға уәде берген болатын.  27 ақпанда  өткен матч 4:1 есебімен өзбек командасының пайдасына шешілген еді.
 
Бокс кеші сағат 17:00-де «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
 
ҚазАқпарат