Олимпиада жолдамалары сарапқа салынып жатқан Қытайдағы лицензиялық турнирде қазақстандық қос былғары қолғап шебері - Әділбек Ниязымбетов пен Иван Дычко финалға шықты.

81 келіде жұдырықтасатын Әділбек түркмен боксшысы Азиз Ачиловты 3:0 (30:27, 30:26, 30:27) есебімен ұтты. Ал 91 келіде Иван Дычко қарсыласы Баходир Джалолов (Өзбекстан) төрешілердің бір жақты шешімен 3:0 (30:26, 30:27, 30:26) жеңді.

Осыған дейін, Абылайхан Жүсіпов, Жәнібек Әлімханұлы және Дариға Шәкімова Олимпиада жолдамаларына ие болған еді.