Қазақстандық боксшы Олжас Сәттібаев Қытай елінде өтіп жатқан лицензиялық турнирінің жартылай финалында жарыс қожайынына есе жіберді.

52 келі салмақ дәрежесінде Олжас қытайлық боксшы Жингван Хуға  - 0:3 (27:30, 27:30, 27:30) есебімен жеңіліп қалды.

Алайда, қазақстандық боксшының Олимпиада жолдамасына таласатын тағы бір мүмкндігі бар. Енді ол Қырғызстан өкілі Азат Усеналиевпен шаршы алаңға шығып, жолдама үшін күш сынасатын болады.