Аспан асты елінде өтіп жатқан бокстан Олимпиада жолдамалары сарапқа салынып жатқан дүбірлі додада қазақстандық боксшы Дәриға Шәкімова ақтық кезеңге шықты.

Жартылай финалда Дәриға Cолтүстік Корея өкілі Ун Хуи Жангпен жұдырықтасып, төрешілердің бар жақты шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Дәриға Шәкімова қыздар арасында алғаш болып Олимпиада лицензиясын қанжығалады.