WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Билли Джо Сондерс қазақстандық Геннадий Головкинмен АҚШ-та тек үлкен гонорар берілсе ғана жұдырықтасуға дайын, әйтпесе жекпе-жекті өз отаны Ұлыбританияда өткізгісі келеді.

«Бұл жекпе-жек үшін Америкаға баруға дайынмын, бірақ америкалықтарға маған осынша аз ұсынуды қою қажет. Адамдар Головкинмен жұдырықтасуым үшін маған 4 млн доллар ұсынылды деп ойлайды. Егер осынша беретін болса, жекпе-жек өтетін еді. Маған 1,5 млн ғана ұсынды, бұл не үшін? Онымен бірге ауланың артына бару үшін бе? Лемье солай жасады, қазір ол қайда жүр? Титулы да жоқ, рейтингісі де жоқ.

Менің жақсы сыйақы алғым келеді. Мен Энди Лимен жұдырықтасып, өз мүмкіндігімді пайдаландым. Егер Головкинді 2/3 раундта жеңер болсаң, төрешілер сені тонап кетеді. Ол мұнда келсін. Менің бір ғана қалайтыным – жекпе-жектің өз жерімде өтуі», - деді Сондерс.