Бокстан Қытайдың Цяньань қаласында азиялық іріктеу жарысы өтіп жатыр. 
 
ҚазАқпараттың мәлімдеуінше, 81 келіде Жәнібек Әлімханұлы қырғызстандық Ильяр Ахметовты 3:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға өтті.   56 келіде әлем чемпионатының қола жүлдегері Қайрат Ерәлиев ширек финалда моңғолиялық Центбаатар Ерденебатты 3:0 есебімен ұтып, жартылай финалға жолдама алды.
 
52 келі салмақтағы Олжас Сәттібаев та жартылай финалда. Ол кореялық Киммен кездесіп, 3:0 есебімен жеңді. 75 келіде Дариға Шәкімова ширек финалда моңғолиялық Эрденетуя Энхбаатардан 3:0 есебімен басым түсіп, жартылай финалға шықты.  Ал 60 келіде  Назым Ищанова қытайлық Иун Жинхуадан (Азия ойындарының чемпионы) 0:3 есебімен жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды. 81 келіде Әділбек Ниязымбетов сириялық қарсыласы Алаа Элдин Госсоунды жеңіп, жартылай финалға шықты. 64 келі салмақта Абылайхан Жүсіпов австралиялық қарсыласы Давид Видлиді 3:0 (30:25, 30:26, 30:27) айқын басымдықпен ұтты. +91 келі салмақта Иван Дычко жаңазеландиялық қарсыласы Патрик Майлотты бірінші раундта-ақ сұлатып, жартылай финалға шықты.