Әуесқой бокстан Қытайда өтіп жатқан Азия және Мұхит аймағы бойынша Олимпиада ойындарына лицензиялық жарыста Дариға Шакимова жартылай финалға жолдама алды.

Қазақстандық боксшы ширек финалда монғолиялық Эрденетуя Энхбаатарды жеңді – 3:0.  

Енді Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін қандасымыз жартылай финалда солтүстік кореялық Хуй Юн Чангты жеңуі қажет.