Бүгін Қытайда Азия және Мұхит елдері аймағының боксшылары арасында өтіп жатқан Олимпиада ойындарына лицензиялық турнирдің шешуші кезеңі басталады.
 
 Қазақстандық бокс федерациясының хабарлауынша, Цзиньяньдағы рингке қазақстандық бокс мектебінің 8 өкілі (алты ер адам мен екі әйел) шығады.
 
Ширек финалдар:
 
Күндізгі сессия, басталуы Астана уақытымен сағат 12:00-де.
 
 
Ринг А:
 
5-ші жұп. 81 келі - Әділбек Ниязымбетов - Алаа Элдин Госсоун (Сирия)
 
11-ші жұп. 60 келі - Назым Ищанова - Йин Джинхуа (Қытай)
 
 
Ринг В:
 
1-ші жұп. 64 келі - Абылайхан Жүсіпов - Дэвид Биддл (Австралия)
 
5-ші жұп. +91 келі - Иван Дычко - Патрик Майлата (Жаңа Зеландия)
 
13-ші жұп. - 75 келі - Дариға Шәкімова - Эрденетуя Энхбаатар (Моңғолия)
 
 
 
Кешкі сессия, басталуы Астана уақытымен сағат 17:00-де.  
 
Ринг В:
 
2-ші жұп. 52 келі - Олжас Сәттібаев - Инку Ким (Корея)
 
6-шы жұп. 56 келі - Қайрат Ералиев - Центбаатар Ерденебат (Моңғолия)
 
9-шы жұп. 75 келі - Жәнібек Әлімханұлы - Ильяр Ахметов (Қырғызстан).