Кеше ғана Абель Санчестің шәкірті Саливан Баррераны жеңген америкалық Андре Уордтың айтуынша, қазақстандық Геннадий Головкиннің онымен жұдырықтасатын жақсы мүмкіндігі болған. 

«Головкиннің менімен жұдырықтасатын жақсы мүмкіндігі болды. Ол оны пайдаланбады. Оның командасы көп сөйлейді. Ал мен болсам ары қарай еңбек етудемін», - деді  Андре Уорд Fighthype.com сайтына.