Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчестің айтуынша, Сауль «Канело» Альварес пен қазақстандық боксшы арасындағы жекпе-жек 2018 жылдан кейін болуы мүмкін.

«Альварес GGG-мен жұдырықтасқысы келеді деп ойламаймын, сондықтан олардың жекпе-жегін 2018 жылға дейін көрмеуіміз мүмкін. Канелоны промоутері Оскар Де Ла Хойяға ақылды болу қажет. 160 фунт салмақ дәрежесінде Головкин болмаса, Канело орта салмақ боксшысы болар еді», - деді Санчес.